Жасөспірімдер ортасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 5 желтоқсанда 5-11 сынып оқушыларымен "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Учаскелік инспектор өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтты. Жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.
Жаңалықтар
профилактикалық әңгіме
Қаралды: 1





